«Күшті аймақтар-қуатты Қазақстан» атты тақырыбында ішкі саясат басқармасымен  бірлесіп #QazTalks азаматтық қоғамының Ашық конференциясы өткізілді. Конференциядан кейін студенттер үшін аймақтың АӨК даму перспективаларымен және аудандар мен ауылдарда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысу мақсатында саяхат өткізу туралы бастама ұсынылды.  Сондай-ақ , «Тамақтандыруды ұйымдастыру»  мамандығы бойынша П-21 тобының студенттері «Тэрра» шаруа қожалығына барды. Бүгінде бұл облыстағы өсімдік шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Экскурсияны ШҚ директоры Владимир Иванович Семейкин жүргізді.

Балалар шаруашылықпен өсірілетін көкөністерді сақтаудың технологиясы мен шарттарын көрді.

Ақпаратты дайындаған

Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. С.Нурушева