«Қостанайдың жас көшбасшылары» қоғамдық бірлестігі, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ тапсырысы бойынша 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» ҚР Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында «Салауаттылықты таңдаймын!» және «Мен өмірді таңдаймын!» ұранымен ақпараттық компания өткізеді. Ауыл шаруашылығы колледжінің білім алушылары үшін нашақорлық пен суицидті алдын алу бойынша лекциялар және әлеуметтік сауалнама өткізілді. Ақпараттық компанияның мақсаты-күйзеліске төзімділікті, шиеленісті түсіре білуге үйрету, мәселеге дұрыс қарау, өзін және қоршаған ортаны позитивті қабылдау, сондай-ақ психобелсенді заттарға теріс көзқарасты қалыптастыру, тыңдаушылардың бойында есірткінің бір рет сынауына жол берілмейтіндігін түсінуді қалыптастыру. Іс – шараларды өткізу барысында: нашақорлық пен суицидтің алдын алу бойынша фильмдер, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату бойынша мамандардың баяндамалары ұсынылды. Бірақ, ең бастысы, жастар өмірді қалай бағалау керектігін, өмірлік қиын жағдайларды қалай жеңе алу керектігін, проблемалар бұл өмірлік сабақтар болады және барда, олардан оң сәттерді көріп, сау өмір салтын ұстану маңызды.