16 және 17 мамыр аралығында Қостанай ауданының «Жаңару» демалыс аймағының спорт алаңында ҚАШК 1 және 2 курс студенттерінің арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны 75 адамды құрады.
1 курс студенттері арасында өткен жарыста жеңімпаздар анықталды:
1-ші орынды В-12 тобы (ветеринарлар), үздік шабуылшы болып өзін Қиясханұлы көрсетті.
2 курс арасында П-21 тобының студенттері (аспаздар) үшінші орынды иеленді. Екінші орынды В-23 тобы иеленді.
Бірінші орынды С-21 тобына артықшылық берілді. 2 курс арасында үздік шабуылшылар анықталды: Нуржакеев(В-23 тобы), Коломейцев және Криворучко(С-21 тобы).
Жарыс барысында қатысушылардың тапқырлығы, ілтипаттығы, қайраттылығы, соққының қаттылығы, табанды күрес болды.
Жарыстың бас төрешісі ретінде міндетін ҚАШК дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Киселев Александр Владимирович орындады.