24.05.2019 жылы  Қостанай ауылшаруашылық колледжінің акт залында бірінші курс студенттері В-11, В-12 тобы Қостанай ОАА ЗЖО бойынша медбикесі Шайданова Г. Т. «Алкоголизмнің алдын алу»  атты  дәріс өткізілді.

Мақсаты: алкогольдің адам ағзасына зиянды әсері туралы студенттердің ақпараттылығын арттыру.                                

Студенттер алкогольдің адам ағзасына зиянды әсері туралы дәріс тыңдады. Алкогольді қолданудың салдары, әсіресе оның өсіп келе жатқан ағзаға әсері.

Маскүнемдік -бұл спирттік ішімдіктерді ішуге деген құштарлықпен және жалпы ағзаның созылмалы алкогольден улануымен сипатталатын патологиялық жағдай. . Маскүнемдік -нашақорлықтың бір түрі болып табылады. Маскүнемдік  нақты жағдай мен шындықты санамағанда ішімдікті табуға барлық энергиясын, қаражатын және ойын жібереді.  Ішімдік  жасөспірімдерге ересек адамдардай әсер етпейді , өйткені, жас ми жүйке жасушалары арасындағы нақты байланыстарды орнату сатысында және алкогольдің әсерінен бұл жасушалар бұзылады.

Сондай-ақ, сыра мен әйелдік маскүнімдік  мәселелері қозғалды.

Студенттер дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтар қойып, қызықты жауаптар алды.

Дәріс студенттер үшін де , жетекші үшін де үлкен ынтамен өтті.

Қорытынды: ішімдік  жасөспірімдер кезеңі үшін өте қауіпті, өйткені ол жас ағзаны күйретіп, ақыл-ой қабілетін, ақыл-есін бұзады, адамды ойланбаған құқық бұзушылықтарға агрессивті етеді.