2019 жылғы 17 мамырда Қостанай ауыл шаруашылығы колледжінің акт залында 1 курс студенттеріне арналған «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз!» атты ұранымен ЖҚТБ-дан қайтыс болғандарды Халықаралық еске алу күніне  ұштастырылған семинар –тренинг өтті.

Іс-шараның мақсаты: АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша студенттердің ақпараттылығын кеңейту.

Іс-шара барысында «ЖҚТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы» КМҚК маманы С. А. Кадрон студенттерге АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтып берді. «АИТВ туралы білудің бәрі – дұрыс шешім» атты бейнеролик көрсетілді. Қараудан кейін АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша пікірталас жүргізілді. «Тірі диаграмма» және «Организмнің сұйықтықтары» тренингтері өткізілді.