2019 жылғы 6 мамырда сағат 11.00-де аудандық «Алтын дән» мәдениет үйінің сахнасында «Ерлер жердің қорғаны, елдің тұтқасы!» атты мерекелік бағдарламасы өтті. Концерттік бағдарламаны «Егемінді Қазақстан» атты патриоттық музыкалық композициясымен Қостанай АІІБ хоры ашты.
Содан кейін «Әскерге шығарып салу» салтанатты рәсімі өтті. Осы іс-шараға Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің «Барлаушы» әскери-патриоттық клубы өнерін көрсетумен қатысты.