2019 жылы 26 сәуірде Қостанай ауылшаруашылығы колледжінде директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. С. Нұрышева және АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы Қ. Е. Жұмағұлов 1 курс студенттері үшін террорлық акт қаупі төнген кезде халықтың іс-әрекеті бойынша дәріс және тәжірибелік сабақ өткізді.

 

 

Іс-шараның мақсаты-діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру.

Дәріс барысында жастарды деструктивті діни ағымдарға және экстремистік ұйымдарға тарту қаупі, интернет-кеңістікте діни экстремизм мен радикализм идеяларының таралуына қарсы тұру, рухани және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Қанат Есімбекұлы ойыншықтарды, пакеттерді және басқа да заттарды алу кезінде қандай жасырын қауіп-қатерлер болатынын егжей-тегжейлі көрсетті.