2019 жылғы 14-15-26 ақпанда аралығында медбике қызметкері педикулез және қышымаға студенттерге тексеру жүргізді. Нәтижесі-теріс. Содан кейін «Педикулез және қышыма деген не?» тақырыбында дәріс оқылды.
Бұл іс-шараның мақсаты студенттерге жеке гигиена ережелерін сақтау: үнемі душ қабылдау, төсек-орын жабдықтарын ауыстыру, таза киім кию , тері жамылғысын қарау. Күдікті болған жағдайда дереу тиісті шаралар қолдану қажет .
Педикулез-бұл тері паразиттік ауруы , бас, көйлек немесе шат биттерінің тістеуінен пайда болады. Барлық биттер адамның немесе жануардың қанымен қоректенеді, теріні тістеп және қатты қышыту турады. Арнайы препараттар мен сусабындар арқылы емделеді. Алдын алу-жеке гигиенаны мұқият сақтау.
Қышыма-науқастан сау адамға қышыма кенесімен беріледі. Қатты қышу мен тарақпен бірге жүреді . Алдын алу-жеке гигиенаны сақтау, тері қабаттарын қарау.
Іс-шара барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, көптеген сұрақтар қойды .