Бітіру кеші — барлық шәкірттер үшін маңызды оқиға. Студенттер үшін –   бұл кәсіби жетілу және тәуелсіздіктің, жаңа уақыт табалдырығы, шәкірттер  үшін — жаңа өмірге жол ашуы. Дипломның жолында әр түрлі көптеген қызықтың болғаны, олардың әрқайсысы колледждің тарихында өзінің ерекше орын табатынына үміттенеміз.

29 маусымда  Қостанай ауылшаруашылық колледжінде бітіру кеші өтті.Биылғы оқу жылында біздің колледжді 131 студент аяқтады. Он алты түлек ерекше үлгідегі дипломдар алды.

Жетпіс жылдан  астам колледж  Қостанай облысының ауыл шаруашылығы үшін мамандарды даярлайды. Бүгінгі күні колледж мына мамандықтар бойынша мамандар даярлайды:  ветеринария, сүт өндірісі, тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі.

Түлектердің бітіру кеші салтанатты шерумен басталды. Қатысушылар болашақ ветеринариялық инспекторларды, аспаздарды, сүт өндіру технологтарын, дәнекерлеушілерді, сылақшыларды ду қол шапалақпен қошеметтеп қарсы алды. Шеруді өндірістік оқыту шеберлері мен топтардың жетекшілері бастады.

Кештің жүргізушілері: «Бір мезгілде қуанышты және мұңды оқиға. Қуаныштысы,  жаңа ұрпақтың түлектері дербес өмірге аяқ басады, ал мұңды болатыны  түлектер колледжбен қоштасады.  Ертеңнен бастап оларға жаңа өмірдің есігі ашылады.

Түлектерге дипломдарды  табыстау рәсімі «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінде өтті. Дәстүр бойынша барлығы  ресми бөлімнен басталып, колледж директоры С. Мурзатаев, оқытушылар мен қонақтардың атынан  білім алушыларға жылы тілектерін жеткізді. Ал түлектер болса өз кезегінде  жиналған  қонақтар мен  оқытушыларға концерт дайындады.

Барлық жақсы тілектерден кейін диплом табыстау басталды. Ең қуанышты сәт. Оқу орнының директоры дипломнан басқа,  қабілетті және белсенді, ынталы студенттерге құрмет грамоталарын табыстады. Номинация бойынша «Лидер по призванию», «За верность колледжу», «Спортивная доблесть колледжа», олар өздерін қоғамдық, спорттық, мәдени және басқа да іс-шараларды ұйымдастыруда шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Бүгінгі жас түлектер, экономикасы қарыштап дамыған Қазақстанның азаматы ретінде Елбасы Н.Назарбаевтың бастамаларын іске асыратын жас буынның өкілдері.

Колледж… Қаншама студенттік қызықты күндер! Артта алаңсыз студенттік өмір,  алда – көп жолдар мен сүйікті жұмыс. Алғашқы ересектік және дербестік сезімі қалай толғандырады! Бірақ басты емтихандар мен сынақтар әлі алда. Үлкен өмірге қадам жасағалы отырған түлектерге сәттілік тілейміз.

 

                                                               Турсун  Хасенова

                                                               Қостанай ауылшаруашылық колледжі

                                                               қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы

 

 

 
IMG_0596
IMG_0656
IMG_0787
IMG_0910
IMG_1008
IMG_1060
IMG_1080
IMG_1085
IMG_1095
IMG_1099
IMG_1130
IMG_1153
IMG_1163
IMG_1195