Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атта мақаласында ұлттық жаңғыру дегеніміздің өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді деген болатын.
Ұлттық құныдылығымызды жастар бойына сіңіру үшін халқымыздың салт –санасын, әдет ғұрпын үйрету бугінгі таңда устаздар еншісінде. Студенттерге туған жерге ,елге деген құрметтеу , Отанды сүие білуге үйрету мақсатында Қостанай ауылшаруашылығы колледжінің ұстаздары да өз үлесін қосуда. Колледж кітапханасымен бірлесе отырып Қостанайдың тағы бір тұлғасы ақын Ғафу Қайырбековты еске алу мақсатында орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушылары Хасенова Т.К. Турешова Б.С жетекшілігімен « Әдеби кеш» өткізілді. Кештің мақсаты ақын өмірімен таныстыру, шығармашылығынан жан жақты мәліметтер бере отырып , танымдық көзқарасын қалыптастыру. Поэзияға деген ынта -жігерін арттыру. Ғафу шығармаларын қамти отырып Отанын, елін, ұлтын сүйюге тәрбиелеу.
Өмірге іңкәр, өмірді жырлап өткен сыршыл ақын жайлы сыр шертіп Ғафу ақын әлеміне ,өлең атты құдіреттімұхитқа сапар шегіп,өлеңмен өрілген сазына көңіл қоюға бел будық.
Ғафу Қайырбеков 1928 жылы Қостанай облысының Торғай аулында дүниеге келген. Жас кезінен ақындықа ден қойды. Ол Абай атындағы Қазақ педогогика иниститутын бітіргеннен кейін Қазақ мемлекеттік баспасында поэзия редакциясын басқарды, « Қазақ әдебиеті» газетінде бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакцисының меңгерушісі болды. Оның «Дала қоңырауы» поэмасы торғай өңірінде алғаш мектеп ашқан Ы.Алтынсаринге арналды.
Студенттерге ақын өмірінен мәлімет берілгеннен соң студенттерге кезек берілді. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқуда В-23 тобының студенттері Әдімхан О., Жүніс Ө., Қабжанов Б., Садау Ғ., Кабдыбек О. В-13 тобынан Айдарбеков А. көзге тусті. В-13 тобының қыздары әннен шашу шашты. Ақынның өмір жолынан кітапхана меңгерушісі Қурмангалиева Г.У. дайындаған бейне баянда көрермен көңілінен шықты. Бұл жолы әдеби кешке келген студенттер қарасыда көбірек болды. Дауылпаз ақынның мұрасын қастерлеп кеиінгі ұрпақ ұмытпай жадында тұта білсе; Ақын Ғафу ғасырдан –ғасырға көшіп, алаштың рухын асқақ татар ақын екенін студенттердің санасына жеткізе білсек біздің еңбегіміздің жемісі деп білеміз.
Турешова Баршагуль Сиязовна – Қостанай ауылшауашылық коллледжнің орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

DSCN1151
DSCN1149
DSCN1143
DSCN1139
DSCN1145