Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық   адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі –салауатты өмір сүру,оны насихаттау мәселесі.

Осыған орай 2017 жылдың 31 наурыз айында Қостанай ауылшаруашылық колледжінде салауатты өмір салтын сақтау мақсатында, 1-2 курс студенттері арасында «Денісау ұрпақ – жарқын болашақ» атты жобалар сайысы өткізілді.

Сайысқа  қатысқан әрбір студент денсаулыққа зиян келтіретін заттарға, компьютерлік ойындардың зияны туралы тоқталып, дұрыс тамақтанудың, күн тәртібінің,  спорттың артықшылықтарын насихаттады.

Сайыстың қорытындысы бойынша, А-11 тобының студенті Гросс Михаил 1 орынға, В-21 тобының студенті Келлер Инга 2 орынға, М-11 тобының студенті Тайкина Диана 3 орынға ие болды. Сонымен қатар қазылар алқасы Жуков Денис, Төреғұл Гүлнафиз, Семенская Евгения, Есенбаев Бексұлтан, Повайба Владислав, Менеев Никитаның жобаларына жақсы баға берген.

Отанымыздың келешегі , көркеюі жастардың қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың-салауатты өмір салтын сақтау. Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай,көк туын көкке қарай биік көтеруіміз керек.

2201 2202

 

Қостанай ауылшаруашылық колледжінің

әлеуметтік педагогі

Жабакова А.А.