Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Ұлы дала тұлғалары ақын жазушыларымыздың еңбектері рухани байлығымыз.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, 2017 жылғы 15 желтоқсанда Рухани байлығымызды жастар бойына сіңіру үшін ұлы тұлғалардың есімін есте сақтау мақсатында Қостанай ауылшаруашылық колледжінің оқу залында «Ұлы дала тұлғалары» деген тақырыппен сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Осы іс-шараны тарих пен қазақ тілі пәндерінің оқытушылары Қ.Төрехан мен А.Молдашев ашты, шараның мақсаты: Жастардың Отанға деген патриоттық сезімін ояту, Ұлы дала тұлғаларымен таныстыру болатын.
Іс-шара барысында М.Дулатовтың өмір жолына арналған презентация көрсетілуімен басталып. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы В-32 тобының студенті А.Айтбай баяндама жасады. М.Дулатовтың өлеңдерін студенттер мәнерлеп оқып, әр сөзіне мән бере түсіндіріп жатты.
М.Дулатовтың «Оян, қазақ» атты өлеңін Әділхан Орынбасардың орындауында студенттердің қызығушылығын оятты. Ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқыған Д.Қасқырбай, Ғ.Садау, Ж.Қойшыбай сияқты студенттерімізде өздерінің мәнерлеп оқу ерекшеліктерімен тәнті етті.
Іс-шара соңында студенттермен сұрақ- жауап сайысы өткізіліп, М.Дулатовтың өлеңдерінен жинақталған буклеттер студенттерге таратылды.
Бұл сайыста В-13 тобының студенттері белсенділік көрсетті. Осы іс-шара арқылы студенттердің бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіре білдік, Отанға деген сезімін оята отырып, ұлы тұлғаларды дәріптей білдік деген ойдамыз.